Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесуінде айтылған ұсыныс негізінде Қарасу шағынауданындағы «Отбасы аллеясында» жаңа жаттығу алаңы пайдалануға берілді.
Жоба Шымкент қалалық табиғат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жаттығу алаңымен қатар балаларға арналған ойын элементтері орнатылып, алаң үсті бастырмамен жабылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы қатысып, тұрғындарға ізгі лебізін білдірді. Әжелерімізбен бірге қызыл лента қиылып, жаңа нысан ресми түрде ашылды.
Бұл игі іс тұрғындардың спортпен шұғылдануына, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және халықтың жайлы демалысына зор мүмкіндік береді.