Әл-Фараби аудандық прокуратурасы мен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығының ғимаратында қала тұрғындарымен ашық кездесу өтті.
Құзырлы органдардың жеке қабылдауы барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жол жөндеу, қоғамдық көлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Азаматтардың талап-тілектері мұқият тыңдалып, бірқатар мәселе сол сәтте шешімін тауып, құқықтық түсіндірме берілді.
Қала прокуратурасы тарапынан тиісті уәкілетті органдардың қатысуымен осындай көшпелі қоғамдық қабылдаулар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде ұйымдастырылуда.