Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде аудан аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында 40-тан астам адам мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 2 тонна қоқыс шығарылды.