«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына биылғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына қатысуға 25 отбасыдан өтінім келіп түскен болатын. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл отбасылық байқау – берекелі шаңырақтарды насихаттау мен отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат етеді.

Қызу додада өмірлік тәжірибесімен, бірлігімен және үлгілі тәрбиесімен ерекшеленген 4 отбасы топ жарды. Олардың құжаттары байқаудың ІІ-кезеңіне жолданып, нәтижесінде «Нұртаевтар» отбасы үздік деп танылды.

Қала әкімінің орынбасары А.Құранбек барлық қатысушы отбасыларды қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің атынан алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Енді «Нұртаевтар» отбасы Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.

Отбасылық бірлік пен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар – еліміздің берік тұғыры!