ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдау барысында 200-ге жуық азаматтың өтініш-тілегі мен мәселесі қаралды.

Соның ішінде Әл-Фараби ауданының 10-ға жуық тұрғыны әртүрлі мәселелермен жүгініп, оларды аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы жеке қабылдады. Тұрғындар тарапынан балалар ойын алаңшасын орнату, әлеуметтік көмек көрсету, жеке кәсіп ашу сынды маңызды мәселелер көтерілді.

Қабылдау нәтижесінде әрбір мәселені шешу бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді. Сонымен қатар, кейбір өтініштер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтап, оларды тиімді әрі жедел шешуге жол ашады