Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары Әл-Фараби аудандық Прокуратура және полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесе Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Орталық Қырғы базар»аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық кітапшаларды тарату барысында тұрғындарға отбасылық құндылықтарды сақтау маңыздылығы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа татп болған жағдайда дұрыс әрекет ету қажеттілігі жөнінде нұсқамалар берілді.
Аталған акция аудан әкімі аппараты мамандары және құзырлы мекеме қызметкерлері тарапынан аудан аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылуда