Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты аудан аумағында кезекті сенбілікті ұйымдастырды.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігі, «Таза Өлке» ЖШС мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Сенбілік барысында қураған ағаш бұтақтарды, легустраларды кесу, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары, көше бойы мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылды.