СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында кезекті сенбілік өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысып, қураған ағаш бұтақтары мен легустраларды қырқу, арық жүйелерін, жаяу жүргіншілер жолдарын және аула ішілік жолдарды тазалау жұмыстарын атқарды.

Құрметті тұрғындар!

Аула мен қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Таза әрі жайлы өмір сүру үшін барлығымызды тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз!