ҚҰРМЕТТІ ЖҮРГІЗУШІЛЕР, ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ЖҮРГІЗУШІЛЕР, ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Бұл — бір ғана баланың ойы емес…  Бұл — жол үстіндегі бейқамдықтың салдары. Бір сәттік қателік — бүтін бір отбасының өмірін өзгертеді. Жол ережесі — жай қағаздағы талап емес, бұл — әрбір адамның тағдыры. Ата-анаңызды, балаңызды, жақыныңызды сақтағыңыз келсе, көлік тізгінін ұстағанда екі есе абай болыңыз. Жылдамдық — ойыншық емес. Жолда жауапкершілік — өмір мен өлімнің арасы. Біз полиция қызметкерлері күн сайын осындай жағдайға куә боламыз. Сондықтан, заңды сақтаңыз, өмірді сақтаңыз!

Абай болыңыз. Үйде күтіп отырған адам бар.