СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кен баба саябағы аумағында сенбілік өтті.

Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысып, қураған ағаштар мен құрылыс қалдықтарын жинау, сондай-ақ жалпы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 70-тен астам адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.