Бүгін жоспарға сәйкес Әл-Фараби ауданы тұрғындарының жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында азаматтар аудан әкімінің орынбасары Б. Смайловқа әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, тұрғын үй және басқа да өзекті мәселелер бойынша жүгінді.
Әрбір өтініш егжей-тегжейлі қаралып, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауына жазылу үшін жеке куәлікпен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің аппаратына келіп, алдын ала тіркелу қажет.
Мекенжайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі, № 49 ғимарат.