«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД

Әл-Фараби ауданы прокуратурасы, Полиция департаменті, Жастар ресурстық орталығы және Әл-Фараби мен Тұран ауданы әкімдігі бірлесіп, түнгі рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарға ескерту беріліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мақсат – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заң талаптарын сақтау.