КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ЕКІ МЕКТЕП АРАЛЫҒЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ЕКІ МЕКТЕП АРАЛЫҒЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Қала әкімінің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде келіп түскен өтініш негізінде «№46 мектеп-лицейі» мен «Өнер» мектебі арасындағы аумақтағы жарық мәселесі зерделеніп, нақты жұмыстар атқарылды.

Қауіпсіздікті және тұрғындардың жайлылығын арттыру мақсатында «Әл-Фараби» коммуналдық мекемесі тарапынан жарықтандырылды.

Бүгінде жарықтандыру жүйесі толық іске қосылып, кешкі уақытта бұл аумақпен жүріп-тұру оқушылар мен тұрғындар үшін әлдеқайда қауіпсіз әрі ыңғайлы бола түсті.

Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.