Бүгін аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы аудан аумағында орналасқан әскери қалашық тұрғындары үшін көптен күткен балалар ойын және спорт алаңшаларын ашты. Жаңа алаңшалар жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуанышқа айналып, олардың бос уақыттарын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы өткізуіне мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ аудан басшысы елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында балалар ойын алаңшаларын салу мақсатында бос жер телімдерін қарастыру, көпқабатты тұрғын үйлердің алдағы жылыту маусымына дайындығы және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңа аяқжолдар салу жоспарлары талқыланды.