Жиын барысында аудан басшысы М.Мықтыбеков ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Исамудин Наштайұлының ауданның әлеуметтік-рухани дамуына, ардагерлер ұйымының беделі мен қоғамдағы рөлінің артуына көп жылдар бойы қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, шынайы алғысын айтты.
Сондай-ақ жаңадан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне кіріскен Жұмағұлов Келесбай Боранбайұлына жаңа қызметінде сәттілік, жемісті еңбек және қажымас қайрат тілеп, алдағы уақытта аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында ардагерлер тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, оларды іске асыру жолдары талқыланды. Аудан әкімі барлық ардагерлерге қоғам өміріне белсенді араласқандары үшін алғысын білдіріп, әрдайым ашық диалог пен өзара қолдауға дайын екенін жеткізді.