Бүгін бекітілген жоспарға сәйкес Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өтті. Қабылдау барысында аудан әкімі М.Мықтыбековке тұрғындар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, балалар ойын алаңшасын жөндеуден өткізу, ретсіз сауда және басқа да мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, оларды шешу мақсатында жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу үшін жеке куәлігіңізбен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратына келіп, алдын ала тіркелуіңіз қажет.
Мекенжайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі, №49.