Бүгін «AMANAT» партиясының және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қошқар ата» өзенінің жағалауында сенбілік жұмыстары өтті.
Аталған іс-шараға «AMANAT» партиясының мүшелері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысып, өзен жағалауындағы қоқыс жәшіктерін, аяқжолдарды, жалпы аумақты және өзен арнасын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына 50-ден астам адам мен 4 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.