Қала көшелерінде күннің аптап ыстығында шаңды басу және температураны төмендету үшін су шашу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ауыз су бұрқақтары мен декоративті субұрқақтар іске қосылып, тұрақты жұмыс істеуде.
Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық игілігі үшін жүйелі түрде іске асырылатын болады.