АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ ШАРАСЫ

АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ ШАРАСЫ

Бүгін, 6 шілде – Астана күні мерекесіне орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Арбат» демалыс аумағында балаларға арналған сурет салудан шығармашылық іс-шара өтті.

Балалар экосөмкелерді, дайын фигуралар мен үлкен баннерді бояу арқылы өз туындыларын ұсынды. Сонымен қатар, мольбертте Астана көріністерін бейнелеп, елордаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Шара барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалып, мерекелік көңіл күй сыйланды