ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан аудан аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына, мектептер мен балабақшаларда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралардың мақсаты – балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және оларды өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін орындарда қараусыз қалдыруға жол бермеу.

Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды қараусыз қалдырмау, терезелер мен балкондарға арнайы қорғаныш құрылғыларын орнату, сондай-ақ тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіріліп, кеңестер берілді.

Іс-шара барысында тұрғындар мен мекеме қызметкерлеріне арнайы әзірленген ақпараттық жадынамалар мен жарнама парақшалары таратылып, қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер берілді.