Қала әкімі берген тапсырмаға сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан Қорғаныс министрлігінің №35748 әскери бөлімінің әскери қалашығында маңызды әлеуметтік нысан – ашық спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңы салынды. Бұл бастама әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының тұрмыс сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар үшін қауіпсіз демалыс орнын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Жаңа ашық спорт алаңшасында түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орнатылды. Алаңша резеңке жабынмен көмкеріліп, қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, жаттығуға арналған арнайы құрылғылар да қарастырылған, бұл әскери қызметшілердің дене дайындығын жақсартуға септігін тигізеді.
Балалар ойын алаңында түрлі жас ерекшеліктеріне арналған сырғанақтар, әткеншектер, арқан жолақтары және басқа да ойын элементтері орнатылды. Барлық құрылғылар қауіпсіздік стандарттарына сай жасалып, сапалы материалдардан құрастырылған.
Қазіргі таңда алаңшалар күнделікті пайдаланысқа беріліп, әскери қалашық тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналуда.
Жобаның алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, басқа да аумақтарда осындай әлеуметтік нысандардың салынуы жоспарлануда.