2025 жылғы 3 шілдеде Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың белсенді демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Аула чемпионаты» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Жарыс Әлімбетов көшесі №45 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан спорт алаңшасында өтті. Бағдарлама аясында балалар арасында түрлі спорттық белсенділіктер ұйымдастырылды. Атап айтқанда: секіртпемен секіру, шығыршық айналдыру, турникке тартылу, сондай-ақ кіші-футбол мен баскетболдан жарыстар өткізілді. Бұл сайыстар жасөспірімдердің дене дайындығы мен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталды.
Іс-шараға белсене қатысқан балалар марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.