Шымкент қаласында 2023–2025 жылдарға арналған «Жер сілкінісі кезіндегі халықты даярлау және білімді насихаттау» жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп, Тәуке хан даңғылы №32 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына арнап оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.
Оқу-жаттығу барысында тұрғындарға жер сілкінісі орын алған жағдайда қауіпсіз эвакуация тәртібі, алғашқы әрекеттер және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстау қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындармен практикалық эвакуация жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайлар қызметінің іс-қимылы көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – жергілікті халықтың төтенше жағдайға дайындық деңгейін арттыру, сейсмикалық қауіптер туралы хабардарлығын күшейту және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.