КЕЗЕКТІ АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАУ

КЕЗЕКТІ АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАУ

Бүгін, аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы Қонаев даңғылы мен Тәуке хан даңғылының қиылысында орналасқан тұрғын үй кешендерінде, жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын білдіріп, маңызды мәселелерді ортаға салды. Әкім көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, олардың шешілуі бойынша тиісті жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, аудан аумағын аралау барысында 16 шағынаудандағы №9 көпқабатты тұрғын үйде «Модернизация» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ салынып жатқан балалар ойын алаңдарының жай-күйін, аулалардың санитарлық тазалық деңгейін тексеріп, жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жауапты мамандарға тапсырды.