ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСУДА

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы аралау жұмысын Теріскей шағынауданындағы төтенше жағдай орын алған аумақтан бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, электр сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан оқыс оқиға тіркелген. Аталған жағдайдан зардап шеккен №39 үйдің тұрғындарымен кездескен әкім олардың жағдайын сұрап, қажетті қолдау шараларын қолға алу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Содан соң аудан басшысы Көктем және Орталық қырғы базарлары, сондай-ақ Шаяхметов пен Мамбетов көшелерін қамтитын аумақты аралап, жергілікті жағдаймен танысты. Аралау барысында абаттандыру жұмыстары, аяқжолдар мен көшелердің жай-күйі, санитарлық тазалық және ретсіз сауда сияқты өзекті мәселелер назарға алынды.

Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында аудан әкімі тиісті сала өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген талаптарға сай орындауды тапсырды