Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 мамырындағы №894 Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы алтын құрсақты аналарымызды құттықтап, арнайы төсбелгімен марапаттады. Салтанатты марапаттауда 2 ана – «Алтын алқа», 12 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.
Жалпы, Әл-Фараби ауданында 6740 көп балалы ана бар. Оның ішінде 463 ана «Алтын алқа» және 1714 «Күміс алқа» иегерлері.
Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз. Әрбір дүниеге келген бүлдіршіндерімізге зор денсаулық пен амандық тілейміз.