ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы тұрғындарының аудан әкімінің орынбасарларымен кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар Б.Смайлов пен Е.Ерланұлына ауланы қосымша жарықтандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де мәселелер бойынша өтініштерімен жүгінді.

Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу үшін жеке куәлігіңізбен Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының ғимаратына келіп, алдын ала тіркелу қажет.

Мекенжайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі, №49.