КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ – АУДАН ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ – АУДАН ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен танысты.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі мекеме тарапынан аудан аумағында абаттандыру, санитарлық тазалық пен күтім бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып, қызмет барысын көзбен көріп, бағамдады. Сонымен қатар, мекеменің теңгеріміндегі арнайы техникалардың саны мен құрал саймандарының жай күйі де назарға алынды.

Кездесу қорытындысында Маратбек Сәменбекұлы мекеме қызметкерлерінің атқарып жатқан адал да қажырлы еңбектеріне ризашылығын білдіріп, ұжымға алдағы қызметтерінде сәттілік пен табыс тіледі.