Бүгін аудан басшысы Маратбек Сәменбекұлы аудан аумағының шекара бөлігін аралап, жергілікті инфрақұрылымның қазіргі жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары барысында әкім тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Аралау барысында бірқатар өзекті мәселелер анықталып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Аудан әкімі көшелер мен аулалардағы тазалық, жасыл желектерді күтіп-баптау, жарықтандыру жүйесін жаңарту және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды ретке келтіру сынды бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қоғамдық кеңістіктерді тиімді пайдалану, демалыс орындарын көбейту және балалар алаңдарын көбейтіп, оларды қауіпсіз әрі заман талабына сай ету қажеттігі атап өтілді.
Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.