Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлері бірлесе, білім беру ұйымдарының аумағында 2024-2025 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері үшін «Аттестат тапсыру» және «Мектеп бітіру кеші» іс шараларының ұйымдастырылуына байланысты, кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтарын қорғау, көлік шерулерінде жүруді болдырмау, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында түнгі уақытта аудан аумағында орналасқан кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.