Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық саябақта қала күніне орай мерекелік концерттік іс-шара өтті.
Салтанатты шарада Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан белсенді азаматтарға «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табыстады.
Мерекелік концерт барысында жергілікті өнерпаздар — әншілер мен бишілер өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бүгінде қаланы көркейту мақсатында кешенді абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Оның аясында көгалдандыру, жаңа гүлзарлар салу, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату, жарықтандыру, жолдарға асфальт төсеу, аяқжолдар салу, арық жүйелерін жүргізу сынды бірқатар жобалар іске асырылуда.
Қаламыздың одан әрі гүлденуі жолында барлығымыз бірлесе отырып, жарқын болашағымыз үшін аянбай еңбек етейік!