ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізіп, аудандағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, шағынаудандарды жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары, балалар мен спорт алаңшаларын орнату, сынды өзге де өзекті түйткілдер тыңдалып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Аудан әкімі кеңес мүшелері мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне мұқият назар аударып, айтылған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері жаңадан тағайындалған аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлына жауапты қызметінде сәттілік тілеп, өңірдің өркендеуі жолында өзара тығыз және тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.