ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫ АРАЛАНЫП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫ АРАЛАНЫП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Әл-Фараби ауданының әкімі Мықтыбеков Маратбек тиісті сала мамандарымен бірге аудан аумағын аралады. Аралау барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарды тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапалы орындалуы қажеттігін жауапты мамандарға тапсырды. Бұдан бөлек, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында түнгі жарықтандыру, сапалы жол және аяқжол төсеніштеріне ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Аралау кезінде анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде ретке келтіру бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді