Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуіріндегі №862 Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы алтын құрсақты аналарымызды құттықтап, арнайы төсбелгімен марапаттады. Салтанатты марапаттауда 8 ана – «Алтын алқа», 21 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.
Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз. Әрбір дүниеге келген бүлдіршіндерімізге зор денсаулық пен амандық тілейміз.