«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы Жолдасбеков көшесі бойында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстары барысында шөп ору, аумақты сыпыру, қоқыс жинау және шығару жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 80-нен астам адам мен 10 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.