ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен аудандық полиция басқармасы бірлесіп, белгіленбеген жерлерге қалдықтар тастау фактілеріне бақылау жүргізуді және заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды жалғастыруда. Аудан аумағындағы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!

Қоқысты рұқсат етілмеген орындарға төгуге жол бермей, табиғатты бірге қорғайық. Заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет.