
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен аудандық полиция басқармасы бірлесіп, белгіленбеген жерлерге қалдықтар тастау фактілеріне бақылау жүргізуді және заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды жалғастыруда. Күншығыс шағынауданы, А. Асқаров, Ш. Қалдаяқов, Х. Пазиков, Бекет батыр көшелерінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!
Қоқысты рұқсат етілмеген орындарға төгуге жол бермей, табиғатты бірге қорғайық. Заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет.