Бүгін, «Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала прокурорының бастамасымен кең ауқымды қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға санитарлық тазалыққа жауапты мекемелер, құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдар белсенді қатысты.
Сенбілік жұмыстары қала орталығындағы «Наурыз» алаңынан басталып, бірнеше маңызды аумақтарда өтті. Әл-Фараби ауданы бойынша Ә.Жангелді, Түркістан көшелерінің бойы және 17-шағын аудандағы 10-үй, Күншығыс шағын ауданындағы 113-үй аумақтарында жалғасын тапты.
Іс-шара барысында ағаш қырқу, шөп ору, аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларындағы, аулалардағы және басқа да жерлерде жазылған есірткі құралдарын заңсыз жарнамалайтын виртуалды сілтемелері өшірілді.
Бұл бастама тек тазалықты сақтау ғана емес, қоғамда есірткіге төзбеушілік ұстанымын қалыптастыруға да бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осындай бірлескен шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.