ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ: ТЕРІСКЕЙДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ: ТЕРІСКЕЙДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Теріскей шағынауданы №65, 58, 60 көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында аулаларда шөп ору, ағаштардың құраған бұтақтарын кесу, аулаларды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аталған сенбілікке 120-ға жуық жұмысшылар мен 5 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 5 тонна қоқыс шығарылды.