Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қолдауымен ұлттық дәстүр мен салт-сананы дәріптейтін ерекше іс-шара – «Әжелер байқауы» өтті.
Байқау барысында көнекөз әжелеріміз сырға салу, қыз ұзату, құда түсу секілді дәстүрлерді көркем түрде сахналап, көрерменге үлкен әсер сыйлады. Әжелеріміздің шеберлігі мен өмірлік тәжірибесі, сөз саптауы мен өнегелі ұстанымдары жастарға үлкен үлгі бола білді.
Іс-шара соңында көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылып, байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.