ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ДЕМАЛЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ДЕМАЛЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


🔷 Абай ауданының Қайнарбұлақ тұрғын алабында өткен жылы жаңадан мәдениет үйі ашылған еді. Онда түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, мәдениет мекемесі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналды.

🔷 Елді мекен тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық – қазіргі таңда мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр. Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ.
Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.

🔷 Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.