25-қазан “Республика күні" Ұлттық мерекесіне орай "Қыран елім — Қазақстаным" атты мерекелік іс-шара аталып өтті.
Іс-шарада, № 6689 Ұлттық Ұлан әскери бөлім офицерлерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту салтанатты түрде сахна төріне шығарылды.
Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауданға өз үлестерін қосып жүрген азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, іс- шара барысында патриоттық әндер айтылып, қонақтар арасында викториналық сұрақтар қойылды және белсенді атсалысқан тұрғындарға сыйлықтар берілді.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке ретінде тойлануы тиіс деген көптің тілегімен мерекелік іс-шара қорытыланды.