«ТЕМІРШІ ӘУЛИЕ» КЕСЕНЕНІҢ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТЕМІРШІ ӘУЛИЕ» КЕСЕНЕНІҢ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. «Киелі мекен» апталығы аясында аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары «Темірші әулие» кесенесі аумағында атқарылуда. Жалпы іс-шараға 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылды, 16,7 м3 қоқыс шығарылып, 2500 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.