ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Бадам өзенінің жағалауы маңында жер қойнауын өз бетінше пайдалану жағдайларының көптеп орын алып жатқандығы туралы жергілікті тұрғындардан шағымдар түскен. Осыған орай, аталған мәселені шешу үшін жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесуге Абай ауданының әкімі Б.Парманов, аудандық прокуратура, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, экология департаменті, полиция қызметкерлері және Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Бадам өзенінің жағалауынан жер қойнауын заңсыз ұрлау жайтының алдын алу, жауапкершілігі, мемлекетке келетін шығынның көлемі және салдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Бадам өзенінің жағалауына кірер жолға арнайы ескертпе бұрыш орнатылып, қызыл лента тартылды.

Алдағы уақытта жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізілмек.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабына сәйкес жаза қолданылады.