АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

 

Жалпы қалалық сенбілік күніне орай, аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үй аулалары, негізгі орталық көшелерімен қоғамдық орындарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында аулалардағы ағаштарды санитарлық бұтау және қураған ағаштарды қырқу жұмыстарымен қатар, шөптерді ору және контейнер айласындағы бей-берекет қоқыстар тазарту жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, сенбілікке аудан аумағындағы мемлекеттік органдардың коммуналдық сала қызметкерлері және тұрғындар қатысып қала тазалығана белсене қатысты.

Жалпы сенбілікке 500-ге жуық адам қатысып, 31 техника жұмылдырылды.