Тұрғындармен кездесу өтті

Тұрғындармен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімінің м.а Н.Тілеш Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, тұрғын алаптың тұрғындарымен кездесіп, 2022 жылы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Кездесуге қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов және тиісті қалалық басқармалардың және коммуналдық сала өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындардың негізгі көтерген мәселелері асфальт жол, қоғамдық көлік саласына қатысты болды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, қойылған барлық сұрақтардың тізбесі жасалып, орындалуы бойынша мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.