АУДАН ӘКІМІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі, сонымен қатар заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиялардың кезекті сессияға ұсынылған мәселелері бойынша бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комисся отырысын мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып беріп, бірлескен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі екі мәселені талқылады.
Олар:
1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы;
2. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.
Жиында қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Аталған мәселелер бойынша әкімшілік мүшелерінің баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына қайта ұсынатынын жеткізді.