АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Экологиялық тазалықты сақтау мақсатында аудан аумағында орналасқан хрестиян мазараты аумағында тазалау жұмыстары өткізілді. Тазалық барысында мазарат ішіндегі бей-берекет қоқыстармен қураған ағаш бұталарын қырқу және жол бойындағы шөптерді қырқу жұмыстары атқарылып аяқ жолдарға су себу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарға 8 техника, санитарлық тазалықмен айналысатын мекеменің 31 қызметкерлерімен аудан тұрғындары қатысты.

Мазараттардың күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінгі таңда 17 мазараттың құжаттары заңдастырылып мемлекеттік актісі алынған. Қалған мазаратардың құжаттары әзірленуде. Жалпы аудан аумағында 24 мазарат бар.

Бұдан бөлек аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй аулаларында тұрғындардың қатысыумен таза аула аясында ауланы тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбіліктің мақсаты - тұрғындарды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны тазап ұстап, қала тазалығына белсенді болуға шақыру.