Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату

Құрметті аудан тұрғындары.

Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін әскерге шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан республикасын қорғау әр азаматтың парызы мен міндеті болып табылады.

Алайда бозбаланың әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар екендігін ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес) және әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскери қызметке шақырудан босату қызметтері бойынша E-gov порталы арқылы өтініш бере алатындықтарыңызды хабарлаймыз.