ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласындағы заңсыз сауда орындарын болдырмау мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бірі Абай ауданында өткен рейдтік іс-шара. Аталған шара барысында кәсіпкерлерге заңсыз сауда орындарын заңдастыру қажет екендігі түсіндірілді.
 
Бүгінгі таңда аудан аумағында заңсыз металл қабылдайтын 35 орын анықталып, оның ішінде 18 нысанға айыппұл салынған.
 
Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес заңсыз сауда орындарын, оның ішінде металл қабылдау орталықтарын заңдастыру бойынша аудан әкімдігі мекеме аралық мәжіліс өткізді.
 
Оған Абай ауданының прокуратурасы, жергілікті полиция қызметі, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының және ЭТД көлеңкелі экономикалық басқармасының өкілдері қатысты. Заңсыз сауда орындарын заңдастыру жолдары талқыланып, тиісті мекемелер тарапынан ұсыныстар айтылды.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі